М.Әшімбаев: Білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек

Білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек. Жас сарапшылар клубының кезекті отырысында Сенат төрағасы осылай деді.

Мәулен Әшімбаев әлемді қысқан коронавирус білім саласына басқаша көзқарас керек екенін ұқтырды. Білім беру жүйесі - әлемдік трендтерге сәйкес қайта қаралуы қажет. Өйткені, білім беру - елді өсірудің, мемлекетті дамытудың жалғыз жолы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы – еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Президент те халыққа жолдауында осы салаға жіті мән беру керектігін айтқан. Елдегі білім беру жүйесі жаңа жағдайға негізделуі керек. Пандемия осы салада біраз қордаланған мәселе барын көрсетті.