Қостанай мен Рудный мектептерінде сабақ тоқтатылды

Бүгін Қостанай мен Рудный қалаларындағы мектептердің кезекші топтарындағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі жолдарды көктайғақ басып, жаяу адамдардың жүруі қиындаған. Күн райының күрт жылынуымен жауған жаңбыр қостанайлықтарды әбігерге салды. Осы жағдайға байланысты кеше кешкі сағат 20:00-ден республикалық, облыстық маңыздағы бірнеше бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын. Автобустар уақытылы жүрмегендіктен, такси қызметінің құны қымбаттады. Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге жалғасады.