417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық оқушы BUCA IMSEF халықаралық байқауында топ жарды

  • 94
  • UPD: 10:06, 10.02.2021
Петропавлдық оқушы BUCA IMSEF халықаралық байқауында топ жарды

Солтүстікқазақстандық 11-сынып оқушысы Тоғжан Ахметова BUCA IMSEF халықаралық ғылыми жетістіктер байқауында топ жарып, 1-орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған сайысқа 124 мемлекеттен 160-тан астам жоба ұсынылған. Онлайн өткізілген жарыста петропавлдық жасөспірім «Косметикалық композициялар мен дәрі-дәрмектер жасау үшін ағаш қалдықтарын пайдалану» жобасында топ жарып, алтын медаль иеленді. Яғни ол қайың ағашының қабығымен түйе-жапырақтан битулин қышқылын бөліп, оларды түрлі кремдермен майларға және қыз-келіншектерге арналған ұнтақтар қосуға болатынын дәлелдеген. Ал одан жасалынған өнімдердің барлығы экологиялық тұрғыдан таза, әрі емдік қасиеті жоғары болады.

Тоғжан Ахметова, байқау жеңімпазы:

– Байқау онлайн форматында өтті. Мен химия бағыты бойынша өз жобамды ағылшын тілінде сәтті қорғадым. Енді осы сынды сайыстарға жиі қатысып тұрсам деймін. Себебі мен болашақта дәрігер болуды армандаймын.

Хабар 24 телеарнасы