420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық студент ортопедиялық жөргек ойлап тапты

  • 86
  • UPD: 10:48, 12.02.2021

«Тәй-тәй». Елордалық студент ойлап тапқан ортопедиялық жөргектер осылай аталады. Өнімнің авторы Махаббат Алпысбаева. Әлеуметтік мәселелер оны бей-жай қалдырмайтын. Сондықтан болар бос отырмай үлкен жобаға араласып кетті.

Махаббат Алпысбаева, медициналық университеттің интерн дәрігері:

- Былтыр елде төтенше жағдай жарияланып, біз қашықтан оқыдық. 3 айдан кейін мен Роза Ағабекқызына келдім. Сөйтіп, маңызды жобаларды іске асыра бастадық. Мен жөргектерді осы кісінің жетекшілігімен ойлап таптым. Біз Халықаралық бағдарламаға қатысып, жеңімпаз ретінде 600 мың теңге алдық. Ол ақшаға тігін машиналарын сатып алдым. Қазір түрлі ортопедиялық бұйымдарды тігіп жатырмыз.  

Дисплазияны медициналық ғана емес, әлеуметтік мәселеге де телиді. Сондықтан 23 жастағы Махаббат кәсіпкерліктің осы түрін жетілдіруге бел буған. Қазір көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтып отыр. Ал 1000 бөбектің біреуінен анықталатын жамбас дисплазиясы дереу емдеуді талап етеді. Уақыт өткізіп алса, бала өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Сондықтан оның туындысы көптеген ата-ана үшін жұбаныш болып тұр. Шетелдік аналогтарымен салыстырғанда мұндай жөргектердің құны қолжетімді.

Роза Қарабекова, профессор, қоғамдық қор жетекшісі:

- Қымбат емес. Екіншіден, қолданып болғаннан кейін ол жай киім сияқты болып қалады. Үшіншіден, ол зат үш айға дейін қолданады. Сосын біздің Қазақстанның құралы деп ойлаймын. Болашақта біздің мақсатымыз инвестормен бірге жұмыс істеп, осындай тігін орталықтарын ашып, қосымша әйелдерге жұмыс беру. Зерттеу, лаборатория ретінде тағы басқа құралдар шығару.

Ортопедиялық жөргектер табиғи мақтадан жасалған. Авторлар оның үш жасқа дейінгі бала үшін ыңғайлы әрі денсаулығына қауіпсіз екенін айтады.

Махаббат Алпысбаева, медициналық университеттің интерн дәрігері:

- Бұл өнімде арнайы пластина орнатылған. Ол баланың аяғы мен буындарын дұрыс ұстап тұруға көмектеседі. Негізгі емге қоса, осындай жөргекті кигізіп қою керек. Мұндағы пластина жамбастың шығып кетуінен қорғайды.

Ал жоғары категориялы ортопед Мария Иембердиева мұндай жөргектерді оңды-солды ала бермеу керек дейді. Өйткені алдымен балада дисплазияның бар-жоғына жіті көз жеткізіп алу қажет.  

Мария Иембердиева, жоғары категориялы балалар ортопеді:

- Дисплазия болса, оны ортопед емдеу керек. Ол жөргекті неврологический балаларға кигізуге болады не болмаса дисплазия бала уже емделіп болды. Как реабилитация сол уақытта кигізуге болады. Бірақ оған сеніп, жазылып кетті деуге, при истинной, настоящей дисплазии нельзя.

Қазір Махаббат мойыны қисық біткен балаларға арнап орауыш, дамуында ерекшелігі бар балғындар үшін спорттық киімдер тігіп жатыр. Сәтін салса, әлеуметтік жобаларды әлі де жалғастыра бермек.

Мерей Мұратханқызы, Ержан Қанапияұлы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы