425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да 13 мектеп карантинге жабылды

  • 221
  • UPD: 19:42, 12.02.2021
БҚО-да 13 мектеп карантинге жабылды

«Сары» аймақтар қатарындағы Батыс Қазақстан облысында эпидахуал әлі де күрделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 75 адам коронавирус жұқтырған. Инфекциялық стационарлар 60%-ке толды. 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Білім беру мекемелерінде қатерлі індет жұқтыру дерегі көбейіп барады. Үшінші тоқсанның өзінде өңірде 167 оқушы дертке шалдыққан. Жергілікті бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, мектептерде коронавирус тіркелген жағдайда енді сыныптар ғана емес, ғимарат толықтай карантинге жабылады. Бүгінгі таңда дәл осындай 13 білім ордасының есігі құлыпталды.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Осы инкубациялық кезеңге дейін осы оқушыларымыз қашықтан оқитын болады. 1 ақпаннан бастап облысымызда коронавирус инфекциясының 889 жағдайы тіркелген болатын. Профилактикалық мақсатта тексерілген азаматтардың арасында 14,6%, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған кезінде 9,2%-тен анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы