Қостанайда екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

Қостанайда қатты боранға байланысты 1-11 сынып оқушылары сабақтан босатылды.

Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады. Балалар оқу бағдарламасынан қалмас үшін сабақтар қашықтан өтеді. Сонымен бірге Рудный қаласының оқушылары да онлайн форматта оқиды.