Алматы облысында кезекші сыныптың оқушылары мектепке қайтып оралды

Алматы облысында бастауыштағы кезекші сыныптың оқушылары қайтадан мектепке бара бастады. Осыған дейін аймақтағы эпидахуалға байланысты оқу үрдісі онлайн режимге көшкен еді.

Әзірге олар бекітілген пәндердің 70 процентін білім ордасында оқып жатыр. Қалған жеңіл-желпі сабақтарды онлайн форматында өтеді. Жасөспірімдер мен жеткіншектер ата-анасының өтініші негізінде қабылданған. Санитарлық талапқа сай бір сыныпта 15 баладан отырғызылды. Өзара қашықтық сақталған.

Айта кетейік, осыған дейін өңірдегі мектеп бітіруші түлектер де қалыпты жағдайда оқуға көшкен.

Мамандардың айтуынша, оқушылардың қоңырау кезінде дәлізге шығып топтаспауы үшін арнайы сабақ кестесі жасалды.

Гүлжанар Еспанова, Талдықорған қалалық №28 IT мектеп-лицейінің директоры:

- Бастауыш пен 11-сыныптың балаларында контакты жоқ. Араласпайды. Әр өзінің кіретін шығатын входы бар. Қоңырау кестелерінде де арақашықтық сақтап қойғанбыз. Бәрі бір мезгіл уақытта шықпайды. Бір сынып он минут ерте шықса, одан кейінгі екінші сыныптар шығады. Балалар бір бірімен байланыс контакт жоқ.

Сондай-ақ...