423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі жекеменшік университеттерде студенттер саны артқан

  • 246
  • UPD: 16:01, 23.02.2021
Еліміздегі жекеменшік университеттерде студенттер саны артқан

Жекеменшік университеттерде білім алушылар саны жыл сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, 2016-2020 жылдар аралығындағы өсім көрсеткіші шамамен 54%. Атап айтқанда, контингенті ең көп жекеменшік жоғары оқу орындары Шымкент қаласында орналасқан. Мысалы, Шымкент университетінің өзінде 15527 студент білім алады. Артынша Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінде 12 мың 717 және «SilkWay» университетінде 9 мың 320 студент. Бүгін бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жоғары оқу орындары басшыларымен өткен кездесуінде айтылды. Жиын барысында білім саласындағы сапаны арттыру жайлы сөз болды.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар, оның ішінде 70-і жекеменшік. Жалпы білім алушылардың саны 624 мыңнан асты. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 55%-і жекеменшік ұйымдар. Оларда 391 мың 309 адам білім алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы