Штаттық режимде оқуға көшу: мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ

Елімізде 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас түрде штаттық режимде оқуға көшірілді.

Қазіргі уақытта оқушылардың 47 проценті штаттық режимде, ал 53 проценті әлі де қашықтан оқытылып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Ата-аналарды мазалайтын бір мәселе – мектеп фомасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық қабылданып, толық оқу жылына байланысты мектеп формасын сақтамау бойынша шешім шығарылған болатын. Тағы да қайталап айтайын, оқушылардың аралас форматта оқуға ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарына қатыса алады», - деді вице-министр.