430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушылардан бірыңғай форма кию талап етілмейді

  • 164
  • UPD: 23:20, 02.03.2021

1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқуын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарына да рұқсат берілді. Енді санитарлық талаптар қатаң сақталуға тиіс. Сөйтіп, оқушылардың 47%-і дәстүрлі режимде, ал қалғаны қашықтан оқыту форматында оқып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, биыл білім алушыларға бірыңғай форма кию талабы жоқ.

Кешеден бері елде 134 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді. Ал, оқушы саны 300-ге дейінгі мектептердегі білім беру дәстүрлі форматта жалғасып жатыр.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Осы уақытқа дейін жеке кеңестер оқушылардың білімдерінің жетіспеушілігі болған, қосымша сабақтар қажет болған жағдайда 5-сыныпқа дейінгі оқушылармен топтарда жұмыс жүргізілетін болса, 15 оқушыға дейінгі топтарда кеңес жүргізуге рұқсат етілді. Әр педагог өзінің сыныбы бойынша қай оқушыға қаншалықты білімін толықтыру қажет екендігін анықтап, ата-аналардың келісімімен жүргізілетін жұмыс Бұл әлі де қашықтық форматта қалып отырған 6, 7, 8 және 10-сынып оқушыларына қатысты қабылданған шешімдер.

Енді білім ордасына бару-бармауға ата-аналар таңдау жасай алмайды. Бір сыныпта 15 баладан отырады. Яғни, бір сыныптың жартысы таңертең, қалғаны түстен кейін оқиды. Сондай-ақ білім алушылардың мектеп формасын кию-кимеуі міндетті емес. Мектеп асханасы да әзірге жұмыс істемейді. Жиында вице-министр инклюзивті білім алатын балаларға да жағдай жасалғанын айтты.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Аралас оқу режиміне көшкен кезде осындай балалардың да жағдайы ескерілетін болады. Естуі нашар немесе мүлде естімейтін, сөйлеуі нашар немесе мүлде сөйлемейтін, психикалық дамуы тежелуі бар және басқа да бірнеше түрі бар.

Айта кетерлігі, оқушылардың сабақ кестесі шектеулі. Мысалға көркем еңбек және музыка пәндерін қашықтан оқиды.

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова

Хабар 24 телеарнасы