Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтар конкурс арқылы қабылданады

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтар конкурс арқылы қабылданатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, бұрынғыдай бар мәселені тек директор шешпейді.

«Жаңа әдіс саладағы ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді», - дейді еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетов. Сенат білім саласына қатысты қабылдаған заңда негізгі талаптары көрсетілген. Ережеде конкурстық іріктеудің нақты қағидалары бекітіледі. Сондай-ақ мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшыларын ротациялау енгізіледі. Әйтпесе, ұйым басшыларымен мерзімсіз шарт жасалғандықтан, көбі бір орында жылдар бойы отырады. Ротациялаудың нақты тәртібі болады. Министрлік әзірлеген қағидалар бойынша ротацияны облыстық білім басқармалары жүргізеді.