Елордада «Болашақ» стипендиаттары бас қосты

«Болашақ» бағдарламасының 790 стипендиаты медицина саласында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың әрқайсысы жылына 400-ге жуық операция жасайды. Білім және ғылым министрлігінің стаитистикасына сәйкес жас мамандар 213 мың адамның өмірін құтқарған. Бүгінде бұл бағдарлама нақты нәтиже көрсетіп, ел дамуына зор үлес қосты. Стипендиаттардың 52%-і нәзік жандылар. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы өкілдері 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіріп, түрлі секторда қызмет атқарып жатқан әйелдер қауымымен ауқымды кездесу өткізді. Салтанатты жиында түлектер өзінің тәжірибесі жайында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Темірболат Бақытжан, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директоры:

- 1993 жылы Елбасының бастамасымен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы ұйымдастырылған болатын. Енді осыған байланысты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай халықаралық әйелдер күні қарсаңында Елбасының кітапханасы Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесіп, «Болашақ» бағдарламасының табысты ару түлектерінің бастарын қосып шақырып отыр.

Айнұр Қарбозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде әлемнің озық ЖОО білім алып, еліміздің игілігіне жаратып жатқан қыздарымыздың өздерінің жетістік тарихын қоғамға жеткізу. Ең мықты қыздарымызды сөйлету арқылы, олардың жетістік тарихын қоғамға жеткізу арқылы «Болашақ» бағдарламасының ең алдымен Елбасының адами капиталды дамыту бағытында ең сәтті стартапты паш ету, барлық қарапайым отбасылардан шыққан қазақстандықтардың өзінің білімін алуды, елге оралып, сол білімі мен тәжірибесін халқымыз игілігіне жаратудағы ерекше орнын әлеуметтік лифт дәлелдеп, мысалымызбен көрсету.