Елордадағы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жаңа әдістеме жүзеге асырылуда

Елордадағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірінде жаңа бірегей әдістеме жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Салауатты ұрпақ» методикасы қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Ол жеті ақпараттық-танымдық ойындардан құралған. Жоба авторының айтуынша, мұнда өзекті тақырыптар қамтылған. Яғни патриотизм, тіл үйрену, аймақтану, экологиялық сауаттылық, ең бастысы ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Оқулық тиісті сараптамадан өткен. Ал жаңа методикаға Ресей мен Беларусь елдері де қызығушылық танытып отыр екен.

Балауса Қайырғалиева, жоба авторы:

– Ресейдің ғылыми жаңалық бағыты бойынша біз конкурсты көріп ең үздік әдістемелік жұмыс деп жетістікке жетіп отырмыз.