433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ҰБТ басталды. Тікелей эфир

  • 288
  • UPD: 15:18, 12.03.2021

Елде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Бірақ наурыз айында өтіп жатқан сынаққа қатысып жатқан түлектер қанша балл алса да, ақылы бөлімге ғана оқуға түсе алады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры осылай деді. Сынақ электронды түрде өтіп жатыр. Әрбір аудиторияға бейнебақылау камералары қойылған. Сынақ тапсыру барысын сондағы мамандар жіті бақылап жүр. Мұндай тест бүгін елорда мен Батыс Қазақстан облысында өтті. Ал келесі аптада Қарағанды, Атырау және Павлодар өңірлерінде ұйымдастырылады. Электронды тестілеудің ерекшелігі – оқушылар қанша балл жинағандарын бірден көре алады. Сосын аппеляцияға жарты сағаттан кейін өтініш бере алады. Бұрын ол үшін бір күн күту керек еді.

Дидар Смағұлов, ұлттық тестілеу орталығының директоры:

– Кіре-беріске адамдардың бет-әлпетін анықтайтын камералар қойылған. Сондықтан сынақты бөтен бала келіп тапсыра алмайды. Аудиториядағы тәртіпті сондағы мамандар жіті қадағалайды. Көшірген, жазба қағаздарын қолданған немесе смартфон пайдаланған оқушылар анықталса, тесттен қуылады.

Хабар 24 телеарнасы