Енді жас педагогтар мамандық бойынша жұмысқа тұру үшін сертификаттаудан өтеді

Биылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа тұру үшін жас мамандар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни дипломмен бірге, квалификация алу міндеті қосылады. Оқулықтардың да сапасына қатысты бірыңғай талаптар енгізіледі.

Айта кеткен жөн, білім беру сапасын арттыру және мекеме ішіндегі тәртіпті сақтау үшін барлық мектеп 100 процент бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Сонымен қатар осы жылы мұғалімдердің құқығын қорғау кеңестері ашылып жатыр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында оқытушылардың еңбек жағдайлары жақсарып келетінін айтты.