Қазақстанда шетелдік университеттердің кампустары ашылады

2025 жылға қарай Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің 5 кампусын ашу жоспарда бар.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Қазір ел үкіметі Аризона мемлекеттік университеті мен Де Монфорт британ университетінің филиалдарын ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 2025 жылға қарай студенттерге арналған стипендиялар 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттарға бір жарым есе өседі. Жатақханаларда студенттерге арналған 50 мың жаңа орын ашылады.