Елімізде 1 сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1 сыныпқа алты жасар және биылғы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.

ҚР БҒМ мәліметінше, 2021-2022 оқу жылы 1 сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:

* Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

* «Бала денсаулығы паспорты»;

* 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.