Биыл мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсыра ма

Биыл қазақстандық мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсырады.

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады:

– оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан;

– математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

– өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

– оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан;

– алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

– Қазақстан тарихынан тестілеу;

– өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Төртінші тоқсанда мектеп оқушылары қалай оқиды?

Елімізде 1 сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі