Астанада студенттер мен оқушылар қашықтан оқыту форматына көшеді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатайтудың қосымша шаралары туралы қаулыға қол қойды.

Осылайша, оқушылар оқу жылын қашықтан оқыту режимінде аяқтайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

IV тоқсанда 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, елорданың барлық оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді.

«IV тоқсанында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматта (пәндердің 70% дәстүрлі форматта, 30% қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі», – делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап карантин шаралары қатаңдатылады

Елорданың мейрамханалары, барлары және дәмханалары жаңа жұмыс режиміне көшеді

Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді?