Қызылорда облысында оқушылар арасында математикадан олимпиада өтті

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы мектептерінің оқушылары арасында математикадан олимпиада өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайыстың мақсаты – математикадан қиындығы жоғары есептерді шығарумен шұғылданатын, танымал математиктердің ізін қуушы ынталы әрі дарынды жастарды анықтау. Басқа да жаратылыстану салаларында еліміздің кадр даярлау жолында оларға қолдау көрсету. Аудан деңгейінде алғаш өткізілген іс-шара қатысушылардың білімін шыңдай түсіп, алдағы ҰБТ-ға таптырмас дайындық саналады. Болашақта мамандық таңдауда зор әсер етері де сөзсіз.

Бағлан Момынханов, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қазір аудан бойынша 11-сынып оқушылары арасынан.42 мектептен 42 үміткер қатысып отыр. Осы білім бөлімінің ұйымдастыруымен және Исаевтар отбасының ұйымдастыруымен өткізілді. Жеңімпаздарға I орын беріледі арнайы сертфикатымен. Және 2-3 орын арнайы жүлделер тағайындаған.