433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда балалар әдебиетін қолдау көзделіп отыр

  • 149
  • UPD: 21:35, 30.03.2021
Қазақстанда балалар әдебиетін қолдау көзделіп отыр

Сенатта «Бір ел - бір тарих» атты халқымыздың академиялық үлгідегі көптомдық тарихын жазу ұсынылды. Соның негізінде мектептерде «Қазақстан тарихы» оқулығы қайта әзірленеді.

Жиында қазақ тілінің қоғамдағы ролін күшейту, оның аясын кеңейту жайы да қаузалды. Төл әдебиетімізді дамыту мақсатында Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізіп, балалар әдебиетін кешенді қолдау қарастырылып отыр. Интернетте адам санасына теріс әсер ететін ақпаратқа тосқауыл қою, қоғамда жиілеп кеткен ажырасу жағдайын заңнамалық тұрғыда реттеу ұсынылды. Отбасы институтын дамыту мақсатында Әділет министрлігіне жаңа некелерді тіркемес бұрын отбасылық, психологиялық, тұрмыстық кеңес беру қажеттігі айтылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Жаһандану процесіне түрлі үрдістерге ілесу ғана емес, өзіміздің озық қасиеттерімізді және жетістіктерімізді әлемге таныту мүмкіндігі деп қарауымыз керек. Халқымыз ғасырлар бойы өзінің қайталанбас мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін қалыптастырды. Біз оларды сақтап ғана қоймай, әлемдік мәдениеттің үздік үлгілеріне айналдыруымыз керек. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осындай идеяларға табан тірейді.

Хабар 24 телеарнасы