1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Tengrinews

Ертеңнен бастап елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баласының құжатын eGov порталы арқылы тіркей алады. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева айтты. Сондай-ақ карантиндік шектеулерге байланысты төртінші тоқсанда 9, 11-сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Яғни пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта, ал 30 проценті қашықтан оқытылады. Бұдан бөлек, 1-11 сыныптарда бір тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 3-12 мамыр аралығында өтсе, тоқсандық жиынтық бағалау 14 маусымнан басталады. Қазір 7 мың 567 оқушының 490-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Ол маусым айының соңына дейін жалғасады деді сала маманы.

Айта кетейік, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 28 мамыр-7 маусым аралығында үш пәннен өтеді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 наурыздан бері жүріп жатыр.