Ақтөбеде мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алады

Бүгіннен бастап ақтөбелік мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алады. Бұл қауіпті індеттің таралуы бойынша өңірдің «қызыл аймаққа» енуіне орай қабылданған шешім.

Тек бала саны аз шалғай ауылдардағы білім ұяларында ғана оқу дәстүрлі түрде жалғасады. Қалған мектептерде 9 және 11-сынып оқушылары оқиды. Онда да пәндердің 70 проценті білім ошағында, 30 проценті онлайн жүргізіледі. Қалған сыныптар қашықтан оқу форматына көшірілді.

Жолдас Батырхан, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Енді ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысына да рұқсат беріліп отыр.