425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтеді

  • 473
  • UPD: 15:13, 05.04.2021
Биыл ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтеді

ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өтетінін түсіндіріп берді.

«Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Биылғы жылы тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады», - деді вице-министр ОКҚ брифингінде.

Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады.

«ҰБТ электрондық форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады», - деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

–3 ҰБТ-ны өткізу процесін цифрландыру бірқатар ерекшеліктерге және ұтымды жағдайларға ие. Біріншіден, бұл тест тапсырушылардың өздері үшін ыңғайлы. ҰБТ бұрынғыдай 10 күннің ішінде ғана емес, енді үш ай бойы ҰБТ электронды форматта өтетін болады. Ең ұтымды жағына тоқталсақ, оқуға түсушінің өзі қай күнге, қай уақытта және қай жерде өткізуді таңдай алады. Тағы бір артықшылығы, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден сол жерде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы