433,54 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электрондық форматтағы ҰБТ: оқушыларға 15 минуттық үзіліс беріледі

  • 98
  • UPD: 13:05, 05.04.2021
Электрондық форматтағы ҰБТ: оқушыларға 15 минуттық үзіліс беріледі

Биыл ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтеді. Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі.

«Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі», - деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ОКҚ брифингінде.

Оқушылар ҰБТ-ны әдеттегідей 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тапсырады. Қатысушыларға 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырмадан. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

Биыл ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтеді

Хабар 24 телеарнасы