«Тәпсірлер таңдаулысы» көп томды діни кітабының тұсаукесері өтті

«Тәпсірлер таңдаулысы». Бүгін осындай атаумен Ұлттық академиялық кітапханада төрт томдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Еңбек Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен әзірленді. Аталған туынды қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Оқырман қауым кітапта Құран Кәрім аяттарының дұрыс тәпсірленуін, Ханафи мазһабын ұстанудың маңыздылығын түсінеді. Қабылдауға және түсінуге күрделі кей аяттарға қосымша түсінік берілді.

«Бастысы, теріс діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл жасау жолдарын үйренеді», - дейді кітап авторлары.

Сондай-ақ...