433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда мұғалімдердің 17%-і вакцина салдырды

  • 175
  • UPD: 17:30, 08.04.2021
Қазақстанда мұғалімдердің 17%-і вакцина салдырды

Елде ұстаздардың 17 %-і вакцина салдырды.  Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Айтуынша, бүгінде мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алып жатыр.

«Бірақ Қазақстан азаматы ретінде әріптестерімді вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуге шақырамын», - деді министр.

Мұндай қадам педагогтың өзінің, оқушылардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігі үшін қажет екенін де жеткізді. Сондай-ақ ведомство басшысы отбасы мүшелерінің міндетті түрде екпе алатынын айтты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Мен вакцинаны былтыр жазда салдырдым. Жалпы жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы