433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жаңа үлгідегі мектептер салынады

  • 80
  • UPD: 19:16, 09.04.2021

Алдағы жылдарда елордалық оқушыларға жаңа форматтағы білім қолжетімді болады. Нұр-Сұлтанда әзірге елімізде баламасы жоқ мектептер салынады. Бұл жоба елордадағы оқу орындарының тапшылығы мәселесін де шешуге тиіс. Енді осы білім ошағының артықшылығы неде?

Binom мектептері - бұл Қазақстанда сапалы білім беру инфрақұрылымының трендін құруға тиіс алғашқы жоба. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын болады. Яғни BI GROUP компаниясы атынан бизнес тәуекелдер мен инвестицияларды өзіне алады, ал мемлекет құрылыс пен оқытуға жұмсалған шығындарды алты жыл ішінде жабады.

Аян Зикирин, BI Construction&Engineering Бизнесті дамыту жөніндегі директоры:

- Барлық бизнес және басқару моделі, ол бір де бір бала ештеңе төлемейтін етіп жасалған. Ал оқушылар үшін емтихандарында өте жоғары шекті балл жоқ. Егер сіз осы ауданда тұрсаңыз, осы мектепке бара аласыз. Бұған дейін де өзге компаниялар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша мектептер салды. Шын мәнінде кез келген құрылыс компаниясы, кез келген бизнес осы жобаға қатыса алады. 

BINOM мектебіндегі құрылыс жұмыстарының құны қарапайым мектептен ерекшеленбейді. Ол да мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сондай-ақ бағасының барлық айырмашылығы білім беру жабдықтары санының артуынан тұрады. BINOM мектептеріндегі білім беру құралдарымен жабдықталу тығыздығы әдеттегі мектепке қарағанда 5 есе жоғары. Әзірлеушілер бұл жабдықтардың барлығы заманауи білім беру процесінің ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Артықшылығы жаңа форматтағы мектепте сапалы оқытуға арналған барлық құралдар болады. Шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған физика, химия және биология зертханалары, музыка залы және кинотеатр бар.

Аян Зикирин, BI Construction&Engineering Бизнесті дамыту жөніндегі директоры:

- Соңғы 5 жылда бизнес мемлекеттің әлеуметтік жүктемесінің бір бөлігін өз мойнына алуға деген сұранысын белсенді түрде атқарып келеді. Біз қаланың қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз және тұрғын үйдің айналасында дұрыс инфрақұрылым болуы үшін баспана салудан басқа да жұмыстарға тікелей қатысқымыз келеді. Егер біз қазір балаларымызға қаражат салатын болсақ, онда бұл шын мәнінде бір қаланың ғана емес, тұтастай елдің даму контурын өзгертуге мүмкіндік береді. 

Жаңа мектептер екі мың орынға есептелген.

Екі жыл ішінде Binom жобасының арқасында елордада мектептер салынады. 

Авторлар: Нұрбек Байбосын, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы