Қазақстанда 22 мыңға жуық ғалым бар

Бүгінде елімізде ғылым саласында 22 мыңға жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күні осы салада еңбек етіп жүрген 1700-дей ғылым докторы, 4 мыңнан астам ғылым кандидаты және 1300-ден аса PhD докторы бар. Ілім-білім іздеген ғалымдардың 34%-і 35 жасқа толмаған жастар.  Ал бұл салада жұмыс істеп жүргендердің 54%-і әйелдер, қалғаны ер адамдар.