«Болашақ» бағдарламасының қанша түлегі мемлекеттік қызметте жүр?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттік қызметте «Болашақ» бағдарламасының қанша түлегі қызмет етіп жатқанын жазды.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте «Болашақ» бағдарламасының 578 түлегі және Мемлекеттік басқару академиясының 834 түлегі жұмыс істейді», – деп жазды Анар Жайылғанова.