427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 1-8 және 10-сыныптар қашықтан оқытылады

  • 113
  • UPD: 20:01, 19.04.2021
Маңғыстау облысында 1-8 және 10-сыныптар қашықтан оқытылады

Бүгіннен бастап Маңғыстау өңірінде 1-8 және 10-сынып қашықтан оқытылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 9, 11-сыныптарда сабақ дәстүрлі түрде жалғаса береді. Бұл аймақта коронавирусқа қарсы карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімі. Сондай-ақ бөбекжайлардың жұмыс кестесі әзірге өзгеріссіз. Өңірде бүгінге дейін 5 мектеп карантинге жабылған еді. Оның төртеуі Ақтауда орналасқан.

Клара Құлатаева, білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл мектептерде карантиннен шыққаннан кейін 9-11 сынып оқушылары қайтып келеді. Қалған балалар қашықтан оқуды жалғастырады. Балабақшаларда балалардың аз болуына байланысты олардың қызметі әзірше жалғасады. Санитарлық талаптарды күшейту тапсырылды барлығына. Колледждің I курс студенттері бұрынғысынша оқи береді. Ал қалған курс студентері онлайн оқытуға көшірілді. Сондай-ақ қосымша білім беру мекемелеріндегі спорт үйірмелерінде ахуалға қарай олардың оқу форматы алдағы уақытта қаралатын болады.

Хабар 24 телеарнасы