429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда сабақ оқу қайтадан онлайнға көшеді

  • 135
  • UPD: 22:26, 20.04.2021
Таразда сабақ оқу қайтадан онлайнға көшеді

Таразда мектептер қайта онлайн жұмыс істейді. Қалада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп кеткен. Әсіресе оқушылар мен мұғалімдер арасында жиілеп барады.

Облыс бойынша 45 бала қауіпті инфекцияны жұқтырған. Оның 32-сі дәстүрлі түрде жұмыс істеп тұрған білім ошақтарында тіркелген. Қазір облыс орталығында 11 сынып карантинге жабылып, 300-ге тарта оқушы оқшауланған. Одан бөлек науқастармен қарым-қатынаста болған 20-ға жуық мұғалім карантинде. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күн санап күрделеніп барады. Адам көп жиналатын мешіттер мен балалардың ойын алаңдарының жұмысы тоқтатылған. Соған қарамастан той-томалақ ұйымдастырып думандататындар тыйылмай тұр. Мәселен, күні кеше ғана мониторингтік топ мүшелері рейд кезінде 150 адам шақыртылған тойдың үстінен түскен. Заңға бағынбағандар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Саясат Есеев, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- 20 сәуірден бастап Тараз қаласы бойынша 1, 8, 10-сыныптарды біз онлайн форматта оқытқанды жөн санадық. Осылай шешім қабылданды. Әрине қалған 9, 11-сыныптар мектеп бітіруші сыныптар аралас форматтарда білімдерін жалғастыруда. 70 проценті мектептерде, 30 проценті онлайн режимде.  

Байділдә Шыналиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Той-томалақ көп болып кетті. Оның бәрін мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір Жамбыл облысында 38 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Олардың тексергені 5215 нысанды тексерген. Оның 441-інен кемшілік табылған. Олардың бәріне айыппұл салынып, шара қолданылды.

 

Хабар 24 телеарнасы