429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақ» бағдарламасына қатысу тәртібі өзгерді

  • 114
  • UPD: 21:46, 22.04.2021
«Болашақ» бағдарламасына қатысу тәртібі өзгерді фото: bilim-all.kz

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осылай деді. Биыл биология, биотехнология және вирусология мамандықтары бойынша шет елдерде білім алғысы келгендерге мол мүмкіндік беріледі. Үміткерлерге стипендия тағайындау тәртібі өзгерген. Енді шетелде магистратура мен доктарантураны оқығысы келгендер құжаттарын өздері тапсырады. Қабылданған жағдайда ғана шәкіртақы алу туралы өтініштерін министрлікке жолдайды. Биыл «Болашақ» бағдарламасына ұзын-саны 1055 стипендия бөлініп отыр. Оның 500-і ғалымдардың тағылымдамадан өтуіне арналған.

Хабар 24 телеарнасы