Халық латын әліпбиінің жуырда таныстырылған нұсқасын талқылап жатыр

Елде латын қарпіне негізделген әліпбидің тағы бір жаңа нұсқасы жарияланды. Мамандар бұл әліпби жан-жақты зерттеліп пысықталғанын айтады. Оны әзірлеуге 70-тен астам ғалым атсалысқан. Бір жарым жыл дайындалған әліпбидің қандай артықшылығы бар? 

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Латын қарпіне негізделген жаңа әліпби бір дыбыс, бір әріп принципіне негізделген. 31 әріп, 31 дыбыс бар. Егер осы нұсқа мақұлданса кириллицадағы орыс тілінен енген  Ё, Ц, Ч, Щ,Э, Ю, Я, жіңішкелік және қатаң белгісі әліпбиімізде болмайды. Олардың орны мысалы Ю - И+У, Я - И+А әріптері арқылы емле ережесі бойынша жазыла береді.

Яғни латын қарпіне көшу әліпбиді өзгерту ғана емес, тілдік реформа дейді мамандар. Сондықтан соңғы нұсқаны дайындауда қоғаммен байланыс күшейген. Түрплі саланың ғалымдары төрт топқа бөлініп, орфографиялық, әдістемелік, техникалық және терминологиялық жағын зерттеді. Әрбірі өз саласына қатысты пікір айтты. 

Әділбек Қабаев, ҚР БҒМ тіл саясаты комитетінің төрағасы:

- Бұл топтардың құрамында 70-тен астам ғалым бар. Яғни бұл әліпбиді тек жекелеген адамдар емес, еліміздің ең маңдайалды деген ғалымдары жасады. 50-ге жуық отырыс өткізілді. Сол отырыста жан-жақты зерделенді. Яғни оқушылардың арасында, студенттер арасында, қарапайым халық арасында жазушылардың ортасында кәдімгі мына осы әліпбиді жазып, сызып, айтып, тыңдап қолмен жазғанда қандай болады, клавиатурада тергенде қалай болады деген мәселелердің барлығы жан-жақты зерделенді. 

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Енді соңғы нұсқадағы әліпбиде не өзгерді? Өзгергені Ң әріпі екен. Бұған дейінгі нұсқада ң әріпін былай таңбаланса соңғысында мына нұсқаны жөн деп санаған. Өйткені компьютер клавиатурасы ғана емес, смартфонда хат тергенде де осы нұсқа қолайлы болған.

Анар Фазылжан, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

- Сынама сауалнаманың респонденттерінің дені Y ұрпақ өкілдері. Яғни 2000 жылдан бері туғандар. Бұл ұрпақ Қазақстан латын әліпбиіне көшкеннен кейін біздің қоғамдағы негізгі өндіруші күш болдады. Сондықтан солардың пікірі де осы жетілдірілген әліпбиді қолдап тұр.

Әділбек Қабаев, ҚР БҒМ тіл саясаты комитетінің төрағасы:

- Халықтың барлығы бір кезде жазудан компьютерге көшсе, бүгінде компьютерден гаджетке көшіп бара жатыр. Азаматтарымыздың барлығы телефон арқылы жұмыс жасайды. Яғни біздің әліпбиіміздегі барлық дыбыстар сол гаджеттерден еркін табылатын жағдайда болуы керек. Осыған жауапты министрлік мына пернетақтаның бірнеше варианттарын жасап жатыр. Соның негізгілері бүкіл халыққа қолайлысы біздің бүкіл әріптер қарастырылған.

Жаңа әліпбиді жасаушылар осы нұсқа көптің көңілінен шығып, бекітіледі деген үмітте. Қазір қоғамдық талқылауға салынды. Екі күннің ішінде 5 мың адам қарап, жүзге жуығы пікір қалдырған. Көбі жаңартылған нұсқаға қатысты жағымды пікір айтыпты. Талқылау 6 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін Ұлттық

комиссия мен үкіметке ұсынылады. Қолдау тапса Президентке жолданады.

Талғатбек Әбдіқожа, Асхат Қарақойшиев, Ерлан Наурызбаев

Сондай-ақ...