Оқушылар арасында республикалық олимпиада өтіп жатыр

Оқушылар арасында 16 Пән бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр.

Бірінші кезеңге ел аумағынан 1 млнға жуық оқушы қатысқан. Қазір соңғы шешуші білім додасына 1 мың 600 өрен қатысады. Биылғы өзгешілік те сол барлығы онлайн форматта жүргізіледі. Сайыс қорытындысы 30 сәуір күні шығады. Алға озып шыққан озат оқушы әлемдік білім сайысында ел намысын қорғайтын болады.