Кембридж қазақстандық әскери оқу орнындағы оқытушылардың тілдік деңгейіне баға береді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы ағылшын тілі бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

Аталмыш оқу 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі жанындағы Британ Кеңесінің базасында өтті. Оқу қорытындысы бойынша білім алушылар емтихан тапсырды. Жұмыстар Кембридж университетіне тексеруге жіберілді. Оқуды үздік тәмамдағандарға тілдік даярлық курсын меңгергені жөнінде сертификаттар берілетін болады.

«Оқу барысында біз өз біліктілігімізді арттырдық, оқытудың жаңа әдістерімен танысып, алған білімімізді тәжірибеде қолдандық. Қорытынды бойынша Кембридждік сертификациялаудан өткені туралы емтихандар тапсырдық. Әр оқытушы біліктілігін арттырған жөн, өйткені өз білімімізбен Қарулы күштердің офицерлерімен бөлісеміз», – деді біліктілікті арттыру факультеті жалпыәскери пәндер кафедрасының оқытушысы подполковник Берік Иманғожин.

Ағылшын тілін оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары британдықтардың тарапынан ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Ақпарат көзі: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі