Ақмола облысында жеті мектеп карантинге жабылды

Ақмола облысында жеті бірдей мектеп карантинге жабылды. Яғни енді олар қашықтан білім береді. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады.

Себебі оқушылар арасында қауіпті індетті жұқтыру жағдайы көбейіп кеткен. Айтуынша соңғы аптада 258 бала коронавирусқа шалдыққан. Олардың жартысынан астамы онлайн оқитындар болса да, ауру күшейген аудандарда 7 мектепті уақытша жабу туралы шешім шығарылған. Жалпы оқу жылы басталғалы бері облыста 1 мыңнан аса бала коронавируспен ауырған. Айта кетейік, Ақмола облысы осымен үшінші апта қызыл аймақта.