429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҰУ-да «Этносаясат» білім беру бағдарламасы ашылды

  • 59
  • UPD: 18:23, 28.04.2021
ЕҰУ-да «Этносаясат» білім беру бағдарламасы ашылды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Орталық Азияда ең алғашқы «Этносаясат» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта бұл жоғары оқу орнында – «Этносаясат» магистранттарын даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасы жолға қойылмақ. Бағдарлама қазіргі заманның болмысын, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың конституциялық қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында жасалып отырған үлкен жоба. Мұны университетттің Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындаған. Еліміздің өзге жоғары оқу орындарының тәжірибесінде мұндай білім беру бағдарламалары бұрын-соңды іске асырылмаған. Ал шетелдік тәжірибеде этносаясат бойынша білім беру бағдарламаларына әртүрлі инновациялық тәсілдер кеңінен қолданады.

Хабар 24 телеарнасы