427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазығұрт ауданы Бейнеткеш ауылында балалар апатты мектепте оқып жүр

  • 98
  • UPD: 22:09, 29.04.2021

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Бейнеткеш ауылында мектеп құлайын деп тұр. Кезінде ауылдықтар асарлатып салған білім ошағына оқушылар сыймай жатыр. Нысан жөндеуге де жарамсыз.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, елді мекен Жаңабазар ауылдық округының тасасында қалыпты. Жұрт ауылдың бұрынғы мәртебесі қайтарылғанын қалайды.

21 жыл бұрын пайдалануға берілген мектеп ғимараты ауыл белсенділерінің бастамасымен салынған. Қазір заман талабына сай келмесе де жүзден астам бала үш ауысыммен оқып жүр. Мектепте кабинет саны аз, қыста көмірмен жылытылады. Лай қышпен көтерілгендіктен қабырғалары суыққа шыдамайды екен. 

Гүлбану Тастанова, мектеп мұғалімі: 

- Қабырғаның мына бұрышының бәрі түсіп қалып, жылда жамалады. Жылда орнына келтіріледі. Жан-жағының бәрінен әк өтеді. Оның бәрі түсіп қалады. Қайтадан қарауылдар орнына келтіреді. 

Ауылдағы ағайын базынасын жергілікті билік басындағыларға бірнеше жылдан бері айтып жүр. Тіпті талай жиын өткізіп, мектеп мәселесін көтерген. Елді мекен статусын қайтаруды да сұраған. Әкімдік мектеп құрылысына жер бөлген. 2 гектар аумақта салынатын заманауи ғимараттың жобалық-сметалық құжаты да әзір. Алайда жылдар өтсе да баяғы жартас сол жартас күйінде. 

Асқар Ақжолов, Жаңабазар ауылдық округінің әкімі: 

- Былтырғы жылы сметасы бітті. Енді қаржыны ұсыну қажетті боп тұр. Бюджетке байланысты ғой мәселенің бәрі. Былтырғы жылы ауылымызда 4 мектеп пайдалануға берілді. Енді осы Бейнеткеш, Ақабаев мектебі жаңару керек. Оған екі гектар жер берілген.

Қанат Исаев, ауыл тұрғыны:

- 1,5 жыл уақыт өтті. Білесіздер проект 3 жылға жарамды. Енді 1,5 жыл ішінде ақша бөлінбесе проект күйіп кетеді. Қайта жасақтау қажет болады. Қымбатшылық болады, инфляция болуы мүмкін. Халықтың сұрауы сол ақша бөлінсе облыстық бюджеттен бөлінсе ел игілігі үшін.

Ал жақын маңдағы мектептерге қатынап оқу  қиын. Себебі ағысы қатты өзендегі көпірдің өзі ескірген. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы