QazVac вакцинасы үшінші клиникалық сынақтан өтіп жатыр

«Казвак» вакцинасы егілгенде тері сәл қызарып бөртеді. Бірақ екпенің адамға қатты әсері болмайды.

Мұны биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтты.

Отандық екпеге екі мәрте клиникалық зерттеу жүргізілген. Қорытынды үшінші фаза шілденің соңында аяқталады. Әзірге «Казвак» үшінші клиникалық тексерістен 50 процентке өтіп тұр. Отандық вакцинаны әзірлеу бойынша тиісті зерттеу жұмыстары 2020 жылдың 23 наурызында басталған. Ғалымдар сол күні ковид жұқтырған адамнан патологиялық материал алып, вирусқа қарсы вакцина әзірледі.

Былтыр 9 мамырда ғалымдар «Казвактың» алғашқы нұсқасын жасап, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберді. Олар қазақстандық вакцинаны тіркеді. Содан бері «Казвак» түрлі зерттеуден өтіп, екінші фазадан соң оның қауіпсіз әрі тиімді екені дәлелденген.

Сондай-ақ...