429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Алматыда сегіз мектеп қолданысқа беріледі

  • 98
  • UPD: 22:10, 02.05.2021

Жыл соңына дейін Алматыда 8 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар 17 мектептің жанынан жапсарлас ғимарат салынады. Бұл білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын 73 процентке азайтады. 

Соңғы он жылда демографиялық өсім мен көші-қонға байланысты Алматыда мектепке дейінгі балалар саны 79 мыңға артқан. Ал оқушы саны 120 мыңға көбейген. Қазір қала мектептерінде 30 мың оқушыға орын тапшы. Сондықтан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн презентацияда білім беру нысандарын жеделдетіп салу бойынша үш жылдық бағдарлама қабылданғанын айтты. 

Гүлжан Бекенова, №169 мектеп директоры:

- 2021 жылы Алматы қаласында Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарында 1500-1800 оқушылық орынға арналған үлкен мектеп ғимараттары салынып жатыр. Қолданысқа берген жағдайда 73 пайызға дейін жетіспеушілігі жойылады деп есептейміз.

Биыл қолданысқа берілетін 8 мектептің құрылыс жобасы да ерекше. Бастауыш сынып, орта және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек-бөлек ғимарат қарастырылған. Балалар тек бір ауысымда оқитын болады. Сондай-ақ қалада 17 мектептің жанынан жапсарлас ғимараттар салынуда. Бұл 8263 оқушыны меткепке қабылдауға мүмкіндік береді.

Жанар Қожамбердіқызы, ата-ана:

- Мектептің 80 жылдан астам тарихы бар. Өте ескі ғимараттар. Биылғы жылы жаңа қосымша ғимарат салынады дегенге біз өте қуаныштымыз. Себебі біздің ауданымызда ескі үйлердің көбісі алынып, орнына жаңа үйлер салынды. Соған орай адам саны да балалардың саны да артты.

2022-2023 жылдары қалада 6 мың оқушыны қамтитын 14 мектеп жобасын іске асыру жоспарланған. Бұған қоса мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында 8 мектеп қайта жөндеуден өтеді.

Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы