Алматыда ертең ҰБТ басталады

Биыл бірінші рет Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді.

Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова 2021 жылы ҰБТ-да не өзгеретінін айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

А.Айтуарованың айтуынша, биылғы оқу жылында қаланың орта білім беру ұйымдарында 11 337 түлек мектеп бітіреді (мемлекеттік мектептерден 10 560 және жеке мектептерден 777 адам).

«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін түлектердің өтініштерін қабылдау ҰТО app.testcenter.kz сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар ол бітірушіге Республика бойынша ҰБТ тапсыратын орынды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Білім басқармасының өкілі.

Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, оқушылардың халық көп жиналатын орындарға бару қажеттілігін болдырмау үшін жасалып отыр.

2021 жылғы ҰБТ-ның маңызды өзгешелігі оның өткізілу форматы болмақ. Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова биыл болатын басқа да ерекшеліктер туралы хабарлады:

1) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ҰБТ тапсыратын бір пункт;

2) ҰБТ өткізу форматы «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электронды түрде ғана.

3) ҰБТ екі кезеңмен өткізіледі (түске дейін 1-кезең сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, түстен кейін 2-кезең сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін);

4) максималды орын саны – 300.

Наурыз айында басталған ҰБТ тапсыру мерзімі маусымға дейін жалғасады. Енді сұрақтары бар қағаздар болмайды, оларды дербес компьютер алмастырады, әрбір түлек сол арқылы тест тапсырады. Тағы бір қолайлылығы енді ҰБТ нақты датаға байланысты, ол үш айға созылады.

«10 наурыз бен 26 сәуір аралығында өткізілген ҰБТ қалауы бойынша ЖОО-ның ақылы бөліміне түсем деушілер үшін өткізілді. 6 мамыр мен 30 маусым аралығында білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді. Биыл алғаш рет түлектер ҰБТ-ны екі рет (мамыр, маусым айларында) тапсыра алады. Әрі қарай ҰБТ-ның ең жоғары нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығын иеленеді», - деп түсіндірді Білім басқармасының спикері.