Мектептердегі соңғы қоңырау қалай өтеді?

Еліміздегі мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, шара бірнеше форматта жүзеге асырылмақ.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін дәстүрлі түрде оқытып келе жатқан мектептер 9 және 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырауды ашық аспан астында өткізе алады. Сонымен қатар қосымша екі нұсқа ұсынылып отыр. Ол сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу. Ал қашықтан білім алып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болмақ. Білім ошағында соңғы қоңырау кеші өткізілетін жағдайда барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуы тиіс. Әр мектеп бітірушімен бір ғана ата-ана келіп қатысуы керек. Ал ұстаздарға соңғы қоңырау кезінде сыйлық алуға тыйым салынған.