Биыл талапкерлер білім грантын иелену үшін екі рет бағын сынай алады

Шығыс Қазақстан облысында 5 тестілеу орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі Аягөз қаласында жұмыс істеп тұр. Оған Үржар ауданының оқушылары да келіп, тест тапсыра алады. 1281 түлек ҰБТ-ға қатысуға ынталы. Науқан маусым айының соңына дейін жалғасады. Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай сағаттап күтпей, сынақ аяқталған бойда көруге болады. Жалпы биыл Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңаша форматта өтуде. Яғни, талапкерлер бұрынғыдай білім грантын иелену үшін бір рет емес, екі рет бағын сынай алады. Осы екеуінің нәтижесі бойынша байқауға қатысуға мүмкіндік бар. Ол үшін министрліктің арнайы сайтында тіркеліп, өтініш қалдыру керек.

Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Мына жерге туристік экскурсия жасағандай қылып, алып келіп көрсеттік баланы да, ата-ананы да, а деп бастаған кезде. Содан қалыптасты. Ұялы телефонмен үйде отырып өзінің қай аудиторияда отырғанын көре алады нәтижесін. Оған біреу көмектесті ме немесе басқа да бөгет жасап отыр ма дегендей, бұл балалар кіретін кезде ереже түсіндірілді түгелі. Сондықтан ата-аналар ерікті түрде көріп тұрсыздар, бірде-бір ата-ана жоқ, бірде-бір көлік жоқ.