426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Инклюзивті білім беру туралы үздік материал авторлары марапатталды

  • 121
  • UPD: 17:12, 14.05.2021

Бүгін елордада инклюзивті білім беру туралы үздік материал авторлары марапатталды.

«Әр бала мектепке баруға лайықты» атты республикалық байқау 5 номинация бойынша өтті. Олар әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-жарияланым, интернет-мақала және телевизиялық жұмыс.

Соңғы номинация бойынша «Хабар» арнасының тілшісі Әмір Сәменбетов жүлделі орыннан көрінді. Оның «Өмірге апарар қақпа» атты бейнематериалы үздік үштікке кірді. Марапаттау рәсіміне «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары әрі «Болашақ» корпоративтік қоры кеңесінің Құрметті мүшесі Бауыржан Байбек қатысты. Конкурсқа 15 облыстан 40-қа жуық ақпарат құралы өтініш жібергенін айта кету керек.

Әмір Сәменбетов, «Хабар» арнасының тілшісі:

- Инклюзивті білім беру ұғымы еліміз үшін жаңа екені белгілі. Біздің журналист ретіндегі міндетіміз осы бағыттағы игі жұмыстарды көрсету және насихаттау. Мұндағы мақсат  - ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы