427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазандағы оқиғадан кейін полиция еліміздегі мектептерді тексеруге кірісті

  • 191
  • UPD: 21:17, 15.05.2021
Қазандағы оқиғадан кейін полиция еліміздегі мектептерді тексеруге кірісті

Қазан қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін еліміздегі полиция қызметкерлері мектептерді тексеруге кірісті.

Олар білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталатынын анықтайды.

Мәселен, мектептерде видеобақылау камералары тұруы тиіс. Дабыл батырмасы орнатылуы керек. Одан бөлек күзет қызметін жедел шақыратын тетіктер болуы қажет.

Тәртіп сақшылары келесі аптадан бастап «Қару» жедел алдын алу шарасын бастайды. Соның аясында қару-жарақ дүкендерін тексеру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы