Нұр-Сұлтанда ҰБТ өткізу уақыты бір сағатқа шегерілді

16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҰБТ өткізу бір сағатқа шегерілді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Орталықтың мәліметінше, ертең тек елордада ғана ҰБТ бір сағатқа шегерілді. Яғни таңғы сағат 09:00-де басталатын ҰБТ сағат 10:00-ге

түскі сағат 14:00-де басталатын ҰБТ 15:00-ге ауысты.

«Аталмыш жағдай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу пунктінде («Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік көшесі, 52-үй) техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты болып отыр» делінген хабарламада.