А.Аймағанбетов: Мектептерде дабыл тетіктері орнатылуы керек

А.Аймағанбетов: Мектептерде дабыл тетіктері орнатылуы керек

Мектептердегі бейнебақылауды полиция қадағалайтын болады.

Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеткізді. Facebook желісінде өткен аппараттық жиында ведомство басшысы Қазан қаласындағы атыстан қайтыс болған оқушылардың ата-аналарына көңіл айтты. Әзірге еліміздегі білім ошақтарының 15%-інде ғана дабыл тетіктері бар. Полиция жүргізген тексеріс нәтижесінде турникеттің де көп мектепте жоқтығы анықталды. Асхат Аймағамбетов өз кезегінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.