Енді қазақстандық студенттерге шәкіртақы тікелей мемлекеттік бюджеттен аударылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты.
Асхат Аймағамбетов жаңашылдық тек бакалавр емес, магистратура және докторантураға қатысты екенін алға тартып отыр.
Қолданыстағы әдіс, яғни Жоғарғы оқу орындары арқылы мемлекеттік бюджеттен ақша аудару жүйесі ескірген. Әрі тәуекелге бой алдырады. Жоба алғашында тиісті сынақтан өтті. Қазір 3 оқу орнының студенттері осы жүйемен шәкіртақы алып жүр. Ал шілдеде олардың қатарына тағы 21 университет қосылады.