Елімізде 47 мың оқушы тестілеуден өтті

Бүгінге дейін елде 47 мың талапкер ҰБТ тапсырды.

Оның ішінде 32080 түлек қазақ тілінде, ал 14989 түлек орыс тілінде сынақтан өтті. Сондай-ақ 112 түлек ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 66,63-ті құрайды. Ең жоғары балл 137 ұпай болды. Тестілеу штатты режимде өтіп жатыр. Санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды дейді Ұлттық тестілеу орталығының мамандары.

Айта кетейік, республика бойынша 51 тестілеу пункті жұмыс істеді.